«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Сарапшылардың пікірі » ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент К.М.Ілиясованың «Қызылорда арнайы экономикалық аймағы – облыстық мұрағат құжаттарында» атты мақаласына Эксперттік қөзқарас

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент К.М.Ілиясованың «Қызылорда арнайы экономикалық аймағы – облыстық мұрағат құжаттарында» атты мақаласына Эксперттік қөзқарас

Автор Қазақстандағы Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА), соның ішінде Қызылорда АЭА-тың құрылуы мен осы аймақтың негізгі даму бағыттарын Қызылорда облыстық мұрағат құжаттары негізінде тарихи тұрғыдан қарастырған.

Автор Қазақстандағы Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА), соның ішінде Қызылорда АЭА-тың құрылуы мен осы аймақтың негізгі даму бағыттарын Қызылорда облыстық мұрағат құжаттары негізінде тарихи тұрғыдан қарастырған.

Қазақстандағы Арнайы экономикалық аймақтардың тарихы 1991–1992 жылдардан басталатынын алға тартып, автор біздің елімізде нарықтық қатынастармен бірге пайда болған арнайы экономикалық аймақ (бастапқыда ЕЭА — еркін, ерекше), оффшорлық қызмет, инвестиция сияқты жаңа экономикалық ұғымдарға түсініктеме береді. Тәуелсіздіктің алғанқы он жылдығындағы АЭА-тардың кестесі жасалып, Қазақстандағы 5 аймақтың шаруашылығына қысқаша сипаттама берілген.

Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әртүрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес аймақтарды төрт топқа: шаруашылық құрылымы экспортқа бағытталған аймақ; индустриялық дамыған аймақ; агроөнеркәсіптік аймақ; дағдарыстық аймақ деп бөліп қарастырған. Соның ішінде Қызылорда облысы — дағдарыстық экономикалық аймаққа жатады, Сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақ болып есептелетіні негізделген.

Автор алдағы уақытта осы аймақтың өсу, даму көрсеткіштерін қазіргі ахуалмен салыстырмалы түрде жазып көрсетсе, мақаланың мазмұны тереңдейді деп ойлаймын. Меніңше, Қазақстандағы АЭА-дың тарихынан ғылыми мақалалар жеткіліксіз. Ал тарихшы К.М. Ілиясованың бұл зерттеуі сол олқылықтардың орнын толтырып, Қазақстан экономикасының тарихи аспектілерін қарастыруға жол ашады.

Доцент К.М. Ілиясованың «Қызылорда арнайы экономикалық аймағы — облыстық мұрағат құжаттарында» атты ғылыми мақаласын баспадан жарыққа шығаруға ұсынамын.

Пікір білдіруші:
Ш.Уәлиханов ат.Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері т.ғ.д., доцент Қ.Ш.Әлімғазинов

"Қызылорда арнайы экономикалық аймағы – облыстық мұрағат құжаттарында" - К.М.Ілиясова

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз