«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Сарапшылардың пікірі » ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының кіші ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі Е.Т. Ахметованың «Ұлттық валюта: осы заманның нысаны» атты мақаласына

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының кіші ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі Е.Т. Ахметованың «Ұлттық валюта: осы заманның нысаны» атты мақаласына

КСРО ыдырағаннан кейінгі бүкіл қаржы-экономикалық жүйесі ғасырлар бойы орталыққа бағынған Қазақстан үшін сындарлы жыл болды.

Дағдарыста қалған экономиканы қалпына келтіруде Тәуелсіз Қазақстанның  ақша реформасы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына игі әсерін тигізді. Ақша реформасы Қазақстанда нуллификация әдісімен жүргізілді, яғни құнсызданған кеңестік рубльдер айналымнан толық шығарылып, жаңа Қазақстандық ақша белгілері - теңгелер енгізілді. КСРО- ның ыдырауы, экономиканың құлдырауы, КСРО ақша жүйесінің құлауы, Қазақстанның рубль шеңберінен шығарылуы, ұлттық ақша жүйесінің болмауы - Қазақстанда ақша реформасын өткізу қажеттілігінің басты себептері болғаны анық.

Ұлттық теңгені енгізудің маңызын шынайы бағалау оның тарихи жүріп өткен жолдарын ғылыми тұрғыда зерделеуге мүмкіндік береді. Деректер теңге тарихының тамырын тереңнен қаузауға жол ашады. Қоғамның экономикасын, тарихын, қолөнерін, техника және өнер тарихын зерттеуде нумизматика материалдарының маңызы айрықша

Ұлттық теңгені енгізудің тарихи маңызын шынайы бағалау оның тарихи жүріп өткен жолдарын ғылыми түрғыда зерделеуге мүмкіндік береді. Мақалада 1990 жылдардың басында рубль аймағында қалған Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік жағынан дағдарысқа ұшырауы салдарынан халықтың әлеуметтік тұрақсыздануы, Ресейге экономикалық бағыныштылығымыз халықтың әл-ауқатына әсері туралы баяндалады. Ұлт көшбасышысы Н. Назарбаевтың ұлттық теңгені енгізуге талпынысты қадамдары, ұлттық теңгенің эскизін жасау жұмыстарынан бастап, британдық компаниялардың баспа фабрикаларында басып шығарылған теңгенің жүріп өткен жолдары, теңгенің ұлттық банкілер арқылы халық арасына тарауы, теңгенің қорғаныстық қабілетінің сипаттамалары берілген.

Ұлттық экономиканың бір бөлшегі ретінде зерделенетін теңге тарихынан жекелеген ғылыми еңбектер жоқтың қасы. Сондықтан да үлттық теңге тарихын жан-жақты талдап сараптау жүмыстары жалғасса, мақаланың мазмұны бұдан әрі ашылар еді.

Кіші ғылыми қызметкер Е.Т Ахметованың «Ұлттық валюта: осы заманның нысаны» атты мақаласын баспаға жариялауға болады деп санаймын.

Пікір білдіруші:

Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор  А.М. Ауанасова


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз