Ұлы Жеңіске 71 жыл

Жарияланымдар

Қазақстан «Жеңіс» Эстафетасын қабылдады

21 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіс» Эстафетасын салтанатты түрде қабылдап алды.

Елімізге келген ресейлік әскерилер Жеңіс кубогын Қазақстанға салтанатты түрде табыс етті. Енді кубок ел қалаларына жеткізіледі.

Халықаралық акция 1 ақпан күні Беларусьтің Брест қаласында басталды. Одан кейін кубок Ресейге тапсырылды. 21 сәуір - 2 мамыр аралығында эстафета Қазақстан қалаларында (Өскемен, Астана, Алматы, Тараз) өтеді және Қырғызстанның Шекара қызметі қызметкерлеріне тапсырылады. Одан кейін кубок Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжан елдерінде болып, эстафета 8 мамырда Мәскеудегі «Тағзым тауында» («Поклонная гора») аяқталады.

http://bnews.kz/ сайтының мәліметтері негізінде


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Айтенова ...=)12.06.2014, 18:01

Тура емтиханға керек мәліметтер көп рахмет!