Ұлы Жеңіске 71 жыл

Жарияланымдар

ҚР Ұлттық музейінде «Жеңіске құрмет» фотокөрмесі ашылды

ҚР Ұлттық музейінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған фотокөрме ашылды.

Экспозицияға соғыс жылдарындағы суреттер, майданнан келген хаттар, мұрағаттық құжаттар және Қазақстан дивизияларының жауынгерлік жолының карталары қойылды. Көптеген тарихи мәліметтер көрермен назарына алғаш рет ұсынылды, сондықтан да оларды бірегей құжаттар деп айтуға құқығымыз бар. 

1b3b667f12f6128f003b6c79d9b17bf6.jpg

«Көрмеге анам — Берниязова Зинаида Дюсенқызымен (ҰОС-ның зенит артиллериясының атқышы) бірге шақырылдық. Өскелең ұрпақ тәрбиесі үшін көрменің маңызы зор деп санаймын. Бәрі керемет жасалған. Экспозициялар майданға аттанған көптеген қазақстандықтарды еске алуға көмектеседі». 

518df5623a3ffa2bd0ab19a0437e5a5a.jpg

Берниязова Зинаида Дюсенқызы, зенит артиллериясының атқышы

Қазақстан халқының фашизмді жеңуге қосқан үлесі «Соғыстың басталуы. Дивизиялардың жасақталуы», «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтар», «Қазақстан — майдан арсеналы», «Тыл еңбеккерлерінің Жеңіске қосқан үлесі», «Даңқ шоқ жұлдызы», «Батырлар даңқы мәңгі өшпейді! Бұл — өлілерге емес, Бұл — тірілерге керек!» атты стендтерден көрініс тапты.

e33acef5112a82d5434a0dfd3aa9d538.jpg

abc4ff688223dd90d5f9006584863efb.jpg

292f0fc3da9a7a9a57fc42a6bea2b73a.jpg

0c071b1608227e47993694d2fb475629.jpg

Республиканың миллиондаған жұмысшылары, колхозшылары мен зиялылары жауды жеңудегі ортақ іске өз үлестерін қосып, тылда еңбек етті. 

Қазақстан жауынгерлері Ленинград түбінде, Курск доғасында ерлікпен шайқасты. Днепрден өту үшін болған шайқаста 123 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың ішінен батыр атанған ең жас жауынгер — 18 жасар Жәнібек Елеуісов. Сағадат Нұрмағамбетов өз жауынгерлерін Берлин үшін шайқасқа бастап барды. Рейхстагқа Жеңіс туын лейтенант Рақымжан Қошқарбаев тікті. 

Майданға аттанған 1 200 000 қазақстандықтың 650 000-і үйіне оралмады. 498 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры, ал 110 жауынгер Даңқ орденінің толық кавалері болып атанды. Ардагерлер және олардың ұрпақтары көрмедегі кейбір стендтарды жасады. 

«Жеңіске құрмет» фотокөрмесі биылғы желтоқсан айына дейін жалғасады.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз