Ұлы Жеңіске 71 жыл

Жарияланымдар

Сарбаз Қапез Асаиновтың жеке заттары

Сарбаз Қапез Асаиновтың өмірінен алынған оқиғаны ашып айту керек, ол адамдардың жүректерінде мәңгі қалуы тиіс...

Бұрын да айта кеткендей, астаналық кітапханалар Ұлы Жеңіс Күнін мерекелеуге дайындықты бастады. Олардың көбінде Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстан жауынгерлеріне арналған кітаби-көрнекілік көрмелер ұйымдастырылды. Біз олардың біреуіне – № 3 балалар ауруханасында ұйымдастырылған көрмеге барып қайтқан болатынбыз.

Бұл көрме ақпанның басында ашылды.  Және, мұнда жұмыс істейтін қызметкерлердің сөздеріне қарағанда, көрмені тамашалауға келген жас оқырмандар оған қызығушылын танытуда. 

2e29e13b3fff88360491cb10bdab690b.jpg

«9 мамыр – ұлы күн. Ардагерлеріміздің арқасында бейбіт пен ынтымақты өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да мектеп оқушылары батыл әз аталарының ерліктерін ұмытпасын деп, оларға соғыс туралы көп баяндап береміз», —деді   Гүлжихан Қапезқызы Асаинова. Ол біз үшін шағын экскурсия өткізуге келісті.

d03501d49edeb6f6c4b14d33f57532f3.jpg

Көрме үш тақырыптық бөлімге бөлінеді. Бірінші стенд көрмені тамашалауға келгендерге соғыс барысы туралы ақпаратты береді.  Мұнда ұлттық қаһармандардың – Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаевтың өмірлері мен ерліктері туралы өте қызықты басылымдарды табуға болады. Осы тақырыптама астаналық балаларды тартады.

Көрменің екінші бөлімі Кеңес әскерінің жеңісіне арналады. Ал үшінші бөлім Ұлы Отан соғысының майданына қатысқан Ақмола тұрғындарына арналады.

Солдат Қапез Асаинұлы Асаиновтың жеке заттары өздеріне ерекше назар аударады. Тақтайшадан батыр есімін оқығанда, келесі нәрсе назарымнан тыс қалмады: Гүлжихан Қапезқызы – оның қызы.

«Иә, бұл менің әкем!», — деп қуана айтып, оның өмірі жайлы баяндай бастады.

Қапез Асаинұлы 1924 жылы дүниеге келген. 1942 жылы 18 жасар жас жігіт Кеңес Армияның қатарына шақырылған. Оның екі ағасы да соғысқа кетеді, бірақ тек қана Қапез Асаинұлы майданнан оралды. Отбасы бір ағасынан қара қағаз алған, ал екіншісі іс-түссіз жоғалып, хабарсыз кетіпті. 

f199e512416a8c067300ea2ecf1add6e.jpg

1943 жылы солдат Асаинов Курск доғасы шайқасына қатысқан, сондай-ақ 1943 жылдың 12 шілдесінде басталған Орлов шабуыл операциясына қатысыпты. Осы шайқаста ауыр жараланған, ұрыс даласынан оны бір орыс жауынгері аман алып шығыпты. Ал өзі есінен танып қалады, сондықтан да осы оқиға есінде жоқ. Бұл туралы оған онымен бірге қызметтес болған солдаттар айтып берді. Ауыр жараланып, контузия салдарынан да Асаинов майданға қайтып бармады. Бір жыл бойы госпитальде жатып, тек 1944 жылы үйге оралды. Соғыс туралы ауыр естеліктері және екінші топ мүгедек болып атанғаны – соғыстан кейін қалған зардап болды. 

a8aa75c8e6f9a4d89140147c496b570b.jpg

Бірақ та оның рухы түспеді, өз Отанын қалпына келтіру үшін өз үлесін тигізді. Қапез Асаинұлы Целиноград қаласында орналасқан мектептердің бірінде сабақ беріп, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген мұғалімі атанды. Оның отбасылық өмірінде де бәрі жақсы болып шықты: қамқор әйелі мен оның алты баласы әр уақытта оған қамқорлық танытты.

57838e2e7f4878bfb84dc65d5c4b1b6c.jpg

«Майдан өмірі туралы әкеміз аз әңгімеледі, — де айтты Гүлжихан Қапезқызы, — мүмкін, бұны есіне түсіру оған қиын болды. Кейде көзінен жас ағып кететін...»

Өкінішке, ардагер  дүниеден озған. Ол өзінің 14 немересін көріп, олардың әрқайсысына есім берді деді Гүлжихан Қапезқызы. Тек қана шөберелерін көре алмады...

1f866c7275a8b49a5e4ade33e17ad67b.jpg

Солдат Қапез Асаиновтың өмірінен алынған оқиғаны ашып айту керек, ол адамдардың жүректерінде мәңгі қалуы тиіс... 

5a9564c7c6d5e99e9ec014f374345a83.jpg

Кітапхана қызметкерлері мен айтқанымен келісе отырып, қазіргі кезде де оларда мектеп оқушылары үшін көп шара – шығармалар байқаулары, ардагерлермен кездесулер, Жеңіс күніне орай өтетін әдеби-сазды кеш жоспарланған. Мұнда келген адамдарды олар әр уақытта қуана қарсы алады.

31fb2901a4f9eb705e46ebf1e4841473.jpg

Кітапхана сенбіден басқа, күн сайын  таңертеңгі сағат тоғыздан кешкі сағат он сегізге дейін жұмыс істейді. Кітапхананың мекен-жайы: Жеңіс даңғылы, 61 үй. Келемін деушілерге есік ашық!

Инна Кузьменко


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз