Ұлы Жеңіске 71 жыл

Жарияланымдар

Талғат Бигелдиновтың сәтті саны

Талғат Бигелдинов Кеңес Одағының екі мәрте Батыр атағын иеленген жалғыз қазақ қана емес, сонымен бірге ол екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Шығыстан шыққан жалғыз ұшқыш.

Соғыс кезінде ол ұшқан, «Ил-2» ұшағы оны көп рет ажал құшағынан құтқарды. Талғат Бигельдинов шаруа отбасынан шыққан, ол 1922 жылды 5-тамызда, Ақмола облысының Майбалық ауылында дүниеге келген, ал басқа мәліметтер бойынша батыр Пішпек жерінің (қазіргі Бішкек, Қырғызстан) тумасы дейді. Бірақ та Талғат Бигельдинов Басығара батырдың (Кенесары ханның қолбасшыларының бірі) ұрпағы болды, бұл ақиқат шындық. Басығара батыр 1837 жылы Ақмола бекінісіне шабуыл жасағанда, өз ерлігін көрсетіп, қаза тапқан еді.

«Мен дәрігерлері, акушер әйелдері не кіндік шешесі бар перзентханада емес, анамның қасында  биік дөңгелекті, түйеге жегілген арбада, жалпы айтқанда, кәдімгідей көшпелі қоныста дүниеге келіппін. Көптеген қазақтар-малшылар сияқты да, қазақ өмір салтын ұстаған менің туыстарым далада бір жайлаудан екіншіге көшіп жүрген. Осы жағдайда көшіп кетуіміздің басқа бір себебі болған. Ақмола аймағына белгілі болған бай Ғалибай өз малын тәркілеуден құтқарайын деп, менің әкеме Түсіпбек және бабам Бигелді руынан шыққан кейбір жақындарына, ал олардың ішінде менің анам Хадия да бар, малды Алатау тауларына айдап тастауға тапсырма берген. Бірақ та бай Ғалибайдың меншігінде болған малдың саны он бес мыңнан астам болды, соның ішінде мыңнан астам ат болған.
Аяғы ауыр анам көші-қонға қатысқан барлық әйелдер сияқты да түйеге салт мініп жүре берген, өйткені онда ыңғайлы әрі жұмсақ еді. Тек қана босану мерзімі жақындап келгенде, тура осы түйе жегілген арбаға отырған. Мұнда да ол ашық аспанның астында болашақ штурмовик-ұшқышты дүниеге алып келді. Бұл көші-қонның екінші не үшінші күнінде, Ақмола түбінде орналасқан ауылымыздан алыс емес жерде болған оқиға. Бәрімізге белгілі болғандай, ұл баланың дүниеге келу құрметіне көшіміз тоқтап, ата-анам жақын орналасқан барлық ауылдар мен түкпір-түкпірдегі адамдарды шақырады. Әкем мен туыстарым мал сойып, той жасаған. Ал кейін, мерекелеу кезінде, жиналған, ақсақалдар ұзақ пікір-таласқа түсіп, әдеттегідей, маған Талғат деп есім қойған», — деп жазады Талғат Бигельдинов өз кітаптарының бірінде.
Талғат Жақыпбекұлы өзінің туылған жеріне қатысты пайда болған түсінбестікті былайша түсіндіріп отыр: Талғат Бигелдиновтің туған әкесінің аты — Түсіпбек, бірақ бала Жақыпбектің інісінің отбасында тәрбиеленген, осы отбасы бала-шағасыз болды, сондықтан да қазақ дәстүрлері бойынша оны осы отбасыға тәрбиелеуге берген. Талғаттың туыстары ерте қайтыс болды. Отбасының жағдайы ауыр болды.
«Кейін былай болды: қазақ салты бойынша, мені туыстарымыздың бала-шағасыз отбасыға берді, және де Пішпекке көшіп кеттім. Жаңа анам мені жақсы көрмей кетті. Сондықтан да қайыр сұрайтын кездерім-де болды. Масқара аштық болды, достарыммен бірге тауға барып, кесіртке мен жыландарды аулап жүрдік. Бірақ та мен бұзды, мінезді болдым»,—  деп есіне алады белгілі ұшқыш.

Мектепте Талғат жақсы оқып жүрді, ол үздік оқушы-да болды. Бірақ татар мектебінен орыс мектебіне ауысқанда, ол үшін қиыншылықтар басталған. Үздік оқушыдан екілерді алатын балаға айналып кетті. Орыс тілі сабағы да ол үшін қиын пән болды. Бір кезде «бір» деген кезекті бағасын алған бала бос сыныпқа кіріп, қатты жылай бастады. Осы сәтте орыс тілінің мұғалімі кірді. Ол Талғатты аяп, өз көмегін ұсынды.

«Өз досыммен — пысық бала Аркашкамен, ал ол бала да жіктелу мен септелуде «әлсіз» болды, екеуіміз мұғалімге жолықтық. Саманнан салынған, сабан төбесі бар үй, әр жерден кедейлік көрініп тұрады. Бірақ ең қауіптісі үйдегі — суық еді. Мен және Аркашка бір-бірімізге қарап, есіктен ғайып болдық. «Қайда барасыңдар, балалар?» — мұғалім абырыжып айтып үлгергенше, біз жақын жерде, ағаш қоймасына барып, сексеуіл алып келдік. Мұғалім түсінбей, аң-таң болып тұрды. Жарты сағаттан кейін шағын бөлмеде «Ташкенттегідей» ыстық болды. Ол бірнеше апта бойы бізге сабақ беріп тұрды, қандай тамақ болса да, бізге беретін, бірақ өзі ашты-жалаңаш отыратын. Содан бері мен орыс тілінде сауатты жазамын», деп Талғат Бигелдинов.

1938 жылы талғат Фрунзе қаласында орналасқан аэроклубқа оқуға түседі. Талғаттың бойы кішкентай болғандықтан, бала сияқты көрінетін (16 жасар Талғатқа комиссия 14 жасар бала деп көрсеткен), сондықтан да осы аэроклуб басшылары оны алғысы келмей тұрды. 1940 жылы Балаш әскери авиациялық мектебіне оқуға аттанады, ал кейін Орынбор қаласындағы Чкалов әскери авиациялық ұшқыштар мектебіне ауысады, оны 1942 жылы бітіреді.

Өлімнен қорықпай, өмір үшін соғысқан ер
Талғат Бигелдинов Ұлы Отан соғысының майданына 1943 жылдың қаңтар айынан соғыса бастайды. Ол әуеде 11 сағат ұшып, «Ил-2» штурмовигіне отырып, күнде әскери мақсатпен 4–6 рет ұшып шығады.

Кеңес Одағының екі мәрте Батыр атағын иеленген Талғат Жақыпбекұлы берген сұхбаттарының бірінде өзінің әскери машинасы туралы былай деп әңгімелейді: «Мінсіз ұшақ деген болмайды. Бірақ та сен ұшатын ұшақты жақсы көруің керек. Ол жансыз зат болса да, саған да өз сүйіспеншілігін береді. Машинаның жаны сірі болды. Кейде қайта бергенде — онда бүтін және аман қалған жер жоқ, бәрі жыртылған болып тұр, ал ұшақ жұмыс істейді. Оны тағы да «ұшатын танк» немесе «қара өлім» деп аталған. Бірақ та нұсқаушылардың арқасында ғана емес, онда отырып соғысқан, өлген, жеңгендердің арқасында (ұшқыштар, Қызыл армиясының ӘӘК шабуылшы авиациясының полктары) ұшақ сондай қауіпті қару болған».
Талғат Бигелдинов әскери тапсырмамен өзінің 305 ұшуын жасады. 305 рет өліммен бетпе-бет кездесті. Кеңес Одағының Батыры деген атақты екі рет алған Анатолий Ефремов өзінің 244 ұшуын жасады, ал Талғат Жақыпбекұлы одан 61 ұшуға артық жасады. Осыдан басқа, Талғат Бигелдинов 7 жау ұшағын атып түсірген, соның ішінде «мессер» ұшығы. «Мессердің» штурвалында болып отырған адам — әуе шайқастың шебері, Испания, Фрнация мен басқа елдегі көрсеткен ерлігі үшін өз марапаттарын алған капитан фон Дитрих. Штурмовик-ұшқыштар жау ұшақтарымен тікелей соғыспаса да (осыны истребитель-ұшқыштар істейді), олардың жалғыз міндеті — жердегі жау әскерін бомбалау. 9-ші ұшудан кейін Талғат жетекші ұшқыш болып атанды, шайқас жылдарында оның басқаруымен көптеген жау ұшқыштары қаза тапты. Бұл да оның жеке жетістіктерінің бірі болады.
1944 жылдың 26 қазанында 22 жасар лейтенант Бигелдинов Знаменка, Кировоград қалаларын босату кезіндегі көрсетілген ерлігі мен әскери шеберлігі үшін әрі 4 атып түсірілген жау ұшағы үшін оған Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді.

070fede6c02cd814e72c1ceee4bae873.jpg

14 ГШАП жетекші ұшқыштары, солдан қарай екінші болып отырған Т. Ж. Бигелдинов, 1944 жыл

1945 жылдың 27 маусымыда Талғат Бигелдинов екінші рет Кеңес Одағының Батыры болып атанды. Бұл жолы ол эскадрильяны шебер басқару мен Краков, Оппельн (қазіргі кездегі Ополе), Катовице, Бреслау (қазіргі кездегі Вроцлав), Берлин қалалары үшін шайқастардағы көрсетілген әскери ерлігі үшін өз атағын алды. 1945 жылдың маусымында Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен Жеңіс Шеруіне қатысқан.

Талғат Бигелдинов ең ауыр шайқастарға қатысып, Мәскеу, Киев және Еуропа елдерін қорғап, Берлиндегі шайқасқа қатысқан. Ол Кеңес Одағының Батыры атағын алған Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз адам болып саналады.
Оның айтуынша, ырымдарға ешқашан сенбейтін болды, және 13 деген нөмірі жазылған оның ұшағы осының бірде-бір дәлелі болады. Бірақ осы сан бақытты болып шықты. Ұшар алдында Талғат Жақыпбекұлы әз әжесі үйреткен дұға оқыды. «Бала шағымда мені шексіз сүйген жалғыз адам болған. Менің әз әжем 101 жыл өмір сүрген. Мен аэроклубта оқыдым. Бір кезде оған келіп, маған былай деп айтты: «Ұлым менің, саған бір дұға үйретейін. Жаңбыр жауса, найзағай жалт етсе, оны оқып, найзағай саған түспей, қасынан өтеді». Майданға қатысып, жігіт әз әжесінің сөздерін есіне алып жүрген.

Жердегі тіршілігі
Бейбіт өмір басталғанда, Талғат Жақыпбекұлы КСРО Әскери Әуе күштерінде өз қызметін жалғасытра берді. 1970 жылға дейін азаматтық авиацияда жұмыс істеді. Ол Мәскеу құрылыс-инженерлік институтын бітіріп, Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс комитетінің жүйесінде басшылық лауызымдарда қызмет етті. КСРО 2-3-ші, 12-ші шақырылымдарының Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып табылды. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен жетім балаларға көмек беретін қайырымдылық қордың президенті болып жұмыс істеді.
40 жылдан астам уақытта аты аңызға айналған ұшқыш өз омартасымен айналасып жүрген. Осы істі «ермек» пен «бейбіт эскадрилья» деп атап, оған бар бос уақытын арнады. Талғатты білген адамдардың айтуынша, ол өте қарапайым, жай сөйлескен және қолдау көрсетуден бас тартпаған адам болды. Дөрекі интернационализмді ұстаған ұшқыштың ойынша халық бірлігі мен татулығының арқасында Ұлы Отандық соғысында жеңдік.
2012 жылы авиация маршалы Александр Ефимов қайтыс болды, осы кезден бері Талғат Бигелдинов Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қазірде тұратын адамдар арасында жалғыз адам болып саналады. Соңғы жылдарда Талғат Биегелдинов қатты сырқаттанып жүрді. 2014 жылдың 10 қарашасында белгілі ұшқыш осы дүниеден озды. Өз Отанын ерлікпен қорғаған ұшқыш енді қайтадан аспанда…
Ұзақ өмір сүрген Талғат Бигелдинов соғыстан кейінгі өмірді өз көзімен көрген. «Соғыс болсын деп ешкімге қаламаймын. Бірақ егер осындай ауыртпалық басымызға түссе, Алла бермесін, сіздер және немере-шөберелеріміз бізден кем болмай, жауларға соққы берсін. Біздің өсиетіміз осындай», — аты аңызға айналған, ерлігін бәрімізге көрсеткен, бәрімізге өнеге болған адам былай деді. Талғат Бигелдинов бізбен бірге мәңгі болады деп сенгіміз келеді, өйткені егер халық есінде адам болса, онда ол адам — тірі.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз