Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы

Жарияланымдар

Ортақ тарих – бір тағдыр

Қазақ даласына татарлардың келуі патша үкіметінің қазақ өлкесін отарлауға кіріскен кезінен басталады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазақ даласына татарлардың келуі патша үкіметінің қазақ өлкесін отарлауға кіріскен кезінен басталады.

XVIII–XIX ғасырларда патша үкіметі қазақ даласына ислам дінін тарату саясатын жүргізді. Бұл ретте қазақтардың арасына молдалар татарлардың дін қызметкерлері қатарынан ғана жіберілді. Мұның өзі қазақтарды Орта Азиядағы діни орталықтардың ықпалынан оқшауландыру мақсатымен жасалды.

Қазақ хандары мен сұлтандарының басым көпшілігі өздерінің жеке хатшылары етіп Орынборға таяу жердегі Сейітов слободасынан шыққан сауатты татарларды ұстады. Татар көпестер Ресей мен қазақ даласы арасындағы сауда-саттықтың дамуына байланысты өздерінің белсенділігін күшейте түсті. Қазақтардың тілін, әдет-ғұрып және салт-санасын жақсы білгендіктен де татарлар сауда-саттық саласында делдалдық рөл атқарды. 

Татарлар қазақ даласында жаңа әдіспен оқытатын жәдидтік мектептер ашудың бастамашылары болды. Қазақтар татар зиялылары шығарып тұрған газеттер мен журналдарды зор ықыласпен оқыды. Қазақтың алғашқы газеттері мен журналдарын көбінесе татар көпестері қаржыландырып тұрды. 

Ол заманнан бері қазақ даласы талай тарихи белестерден өтті. Бүгін де татарлар қазақ қоғамының дамуына елеулі үлес қосуын жалғастыруда. 

«Қазақстаның татар-башқұрт ассоциациясы» 2007 жылдан бастап құрылып, ұлтаралық татулық пен бірліктің нығаюына белсенді түрде атсалысуда. Хайруллин Гриф Тимурзагитовичтің басқаруындағы ассоциация құрамында 25 облыстық бірлестік жұмыс жасайды. Олар түрлі мәдени және танымдық іс-шаралар ұйымдастырып, татар және башқұрт ұлтының мәдениетін, салт-дәстүрі мен тілін ұрпақтан ұрпаққа мұрағат етуде. 

6315938d4c96ac2c18d21fc4f5f27bfe.jpg

«Қазақстаның татар-башқұрт ассоциациясының» марапаттары

Соның бір көрінісі — татар жастары бірлестігінің жуырда ұйымдастырған «құда түсу» рәсімі. Татар ұлты қалыңдық алып қашуға о бастан қарсы болған. Жастар өз қалауымен және болашақ құдалардың өзара келісімімен шаңырақ көтерген. Сол себепті татарлар «құда түсу» рәсіміне ерекше көңіл бөледі. 

124019cb3b7d34a7f69f6b303ce3fdfc.jpg

«Қазақстаның татар-башқұрт ассоциациясының» кішігірім кітапханасы

Қалыңдықтың үйіне келген құда түсушілерден арнайы адам сайланып, ол қызға бірнеше сұрақ қояды. Осы сыннан сүрінбей өткен қыз тұрмысқа шығуға дайын деп есептеледі. Қалыңмал көлемі және той өткізу мәселесі келісілген соң, қыздың ата-анасы өз рұқсатын береді. «Құда түсу» дастарханына түрлі ұлттық тағамдар, чак-чак, палау және жеміс-жидектер қойылады. 

46c6041311918d820d8d55f5af9d52a0.jpg

"Құда түсу" рәсімінен көрініс

Ал, үйлену барысында мұсылманша неке қию рәсімі қыздың үйінде өтеді, содан кейін ғана жас келін күйеу жігіттің ақ босағасын аттайды. 

72f4f66c56dde4c28ae6102d5669c307.jpg

Татар отбасы

Осылайша, елімізді мекен еткен, тарихымыз бен тағдырымыз бір болған түрлі ұлт өкілдеріне өз салт-дәстүрін жаңғыртып, тілі мен дінін жандандыруға мол мүмкіндіктер жасалуда.

f353f5708644c42bfc32c7989a23d55b.jpg

"Құда түсу" рәсіміндегі көңілді қойылым

Гүлжанат ӘБДІМОМЫНОВА

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз