«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Жарияланымдар » Жәрмеңке: шеберлер баяны

Жәрмеңке: шеберлер баяны

29 Қыркүйек 2016
Жәрмеңке: шеберлер баяны
«Ұлы Дала жәрмеңкесінің» ең басты кейіпкерлері өз шығармашылықтарымен бөліскен қолөнер шеберлерінің өздері болды

Іс-шара қонақтардың ұйымдастырушыларға алғыс білдіруімен басталды, содан кейін жәрмеңкеге қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Ол Қазақстандағы БҰҰДБ-ның өкілдігі бастама жасап ұйымдастырған қолөнершілер арасындағы сайыстың жеңімпазын – Тимур Ақтаевты марапаттау арқылы жалғаса түсті. 

4f656907aa508073e82d6e78a6472933.JPG

– Менің мамандығым – өнеркәсіптік дизайнер, сәулет өнерімен айналысамын. Алғашқы білімімді Алматыда алдым, содан кейін Ресейге көштім. Негізінде, сайыста жеңіске жеткен бұл жұмысым жалғыз емес, ертеректе біршама жұмыс атқарылған болатын. Бұл – киізден жасалған органайзер. Төлтума туындымды арнайы осы жерде ұсынуды жөн санадым. Материалды жасау барысында үстелдің үстін бүлдіріп алмас үшін жұмсақтығына қарап киізді пайдаландым. 

Киізбен бұрыннан да жұмыс жасаймын. Киіз кіршең, шаң таратушы болғанымен, төзімді, өте мықты және созылмайды. Киізден жасалған одан да күрделі жұмыстарым «Жиһаз» тақырыбына арналады. Менің жұмысымда ешқандай ою жоқ, жұмсақ түсте орындалған, яғни басты ерекшелігі – материалдың бірегейлігінде. Менің ойымша, оюларды қажетті жағдайда ғана пайдалану керек. Оюдың астарлы мағынасы бар, оны түсірудің күрделі тәртібі бар, сондықтан да мен оны пайдалануда аса үлкен сақтық қажет деп есептеймін. «Ою – бірегейліктің, ұлттық ерекшелікті жеткізуші емес» деушілер адасады. 

0322dc5ba1b07121a38b82a5ff644c6b.JPG

Мен органайзерді осы нарыққа арнап ойластырдым және оны ұлттық бұйым ретінде қабылдауға әбден болады. Жұмыс қолдан жасалғанымен, бағасы қымбат емес. Өйткені жылдам әрі қарапайым жасауға болатын хэндмэйд те бар. Алайда мәселе – бағасында емес, құндылығында болып отыр. 

Зинаида Афанасьевна: – Зейнетке шығар алдында бұл шығармашылықпен ең алдымен өзімді бұл іске дайындау, жүрек қалауын орындау және де өзіндік дене жаттығулары үшін айналысуды шештім. Жұмыс орта есеппен күніне 5 сағатты алады, күрделі жұмыстар, әрине, көбірек орындалады. Бұл істі арнайылап меңгерген жоқпын. Киізді құрғақ басудан бастадым, содан соң ылғалды басуға көштім, өйткені қазіргі заманғы техника көмегімен кез-келген затты жасауға болады. Құрғақ басумен тек майда бұйымдар жасауға болады, ал бұл шығармашылықты шектейді. 

8ded7964ada0d304c87802f89b7559bc.JPG

Мамандығым бойынша мен – бастауыш сыныптарының мұғалімімін. 8-інші сыныпқа дейін қуыршақтар тіктім, әйгілі Барбиді және оның жанұясын өзімше жасайтынмын. Менің достарым бұл ісімді мазаққа айналдыратын, сондықтан мен онымен айналыспай қойдым. Мен өз-өзіме дизайнермін, оюлар, бұйымдар ойлап табамын, түрлендіріп, өзгеше заттар жасауға тырысамын. Бірақ менің көмекшім өсіп келеді. Мысалға, 2-інші сыныпта оқитын немерем ЭКСПО-ға арналған сурет салды. Астанада ойыншық жасаушылар өте көп, ал киіммен бірге жасайтындар тапшы, сондықтан да мен әр түрлі киімдер жасаймын. 

Ернар Серікұлы: – 4-ші нөмірдегі бұл қазақ батыры «Қазақ хандығы» топтамасынан: ХV-ХVI ғасырлардың сауыт-саймандары Қалиолла Ахметжанның жаңғыртпасынан алынған. Бөлшектері: сырылған сауыт-саймандар, шошақ төбелі дулыға, сауыт, алдаспан – аяқ жағында кеңейтіліп кеткен қос қолды қылыш түрі, оның пышағы жоқ, сондықтан қолға ұсталған. Мен сарбаздарды құйып жасаумен былтыр, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойынан бастап айналыса бастадым. 

900d2901f29cb04b1d71ca6297614543.JPG

Бірінші топтама «Қазақ хандығы» деп аталады. Миниатюраларды өзім жинаймын. Оларды негізінен тапсырыспен аламын, кейде достарым шетелдерден әкеліп беріп жатады. Менің бұл ісімнің тарихы мынадай. Менің балам жапон самурайларының сауыт-сайманына ғана бағдарланып, қазақтар туралы ештеңе білмейтін. Мен қазақ батырларын іздей бастадым, сөйтсем, оларды ешкім жасамайды екен. Біздің ұлтымыздың тарихы мыңдаған жылдармен өлшенеді, солай бола тұр бұл қолөнер түрі нарыққа шықпаған еді. Сондықтан сарбаздарды құюмен айналыса бастадым, кейін басқа миниатюралар жасауға ауыстым. Өзім құятын кезімде бұл көп уақытты алатын және де мүсіндерім қымбатқа түсетін. 

7fe7b42a11d5a68864e41a427215f37e.JPG

Осы жылдың қазан айында Астанада құю цехын ашу жоспарланып отыр, қыздар мен бақсылардың мүсіндерін құю жұмысы әлдеқашан қолға алынған. Бір жылдың ішінде сарбаздардың шағын империясын жасап шықтым. Алайда мүсіндердің барлығы сатуға шығарыла бермейді. Сүйікті ісім ақырындап негізгі табыс көзіне айналып келеді. Менімен бірге мүсіншілер де, құюшылар да, қалыптаушылар да, әшекейлеушілер де бар, және бұл тізім мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта осындай мүсіндерді құю жұмыстары бойынша үлкен жобалар жоспарланып отыр. Бұл істер Астанада 2017 жылы өтетін ЭКСПО-мен тығыз байланысты екені айтпаса да түсінікті. 

Материалды дайындаған Малика МУРСАЛИМОВА

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз