«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Жарияланымдар » Ергене қоң аңызы

Ергене қоң аңызы

30 Қыркүйек 2016
Ергене қоң аңызы
Мыңғұл мен Арғынның қосылатын жерінде Ергене қоңның орналасуы туралы болжамды, Ергене коң аңызына байланысты қият және қиян сөздеріне этимологиялық талдау дәлелдейді
Қазақ хандығының негізін қалаушылар төре тайпасының өкілдері болды. Қазақ қоғамындағы жоғыры тап өкілдерін сұлтандар, яғни Шыңғысханның ұрпақтары-төрелер құрады, олар қазақ қоғамында ең ықпалды күшке ие еді. Шыңғысханның шығу тегі туралы дау-дамайлар әлі күнге дейін басылған жоқ. Бір болжам бойынша, ол қазіргі Орта жүз қазақтарының құрамына кіретін қият руынан шығады. Қият және қиян сөздерін Ергене қоң аңызындағы этноним болып табылатын Нүкүз есімі секілді түсіндіруге болады, қиян және одан туындайтын қиян сөзі де этникалық атаулар болып табылады. 

Ғылыми әдебиетте моңғол ғалымы Г. Сухбаатар Ергене қоң аңызы «Вэй шуда» қамтылған сяньби аңызының мазмұнын қайта айтып шығу деген пікірді айтты. Осы көзқарастың қаншалықты шындыққа жақын екендігіне көз жеткізу үшін қытай деректерінен аңыз мәтінін келтірейік (В.С. Таскиннің аудармасы): «Аты аңызға айналған ата-баба Хуан-диданнан кейінгі 67 ұрпақтан және Мао басшысынан 4 ұрпақтан соң сяньбилердің көшбасшысы Туийн (зерттеушілердің пікірінше Солтүстік-Батыс Маньжуриядан) оңтүстікке үлкен көлге қарай көшеді. Бұлтсыз күндердің аздығына және жердің саздылығына байланысты ол әрі қарай оңтүстікке ығысқысы келеді, алайда көш кезінде қайтыс болады. Туийннің ойын Цифень іске асырғанша біраз уақыт өтеді. «Тоғыз қиындықтан және сегіз кедергіден тұратын» биік өткелдердің арасында тұрып Цифень алдымен ата-бабаларының өсиетін орындаудан бас тартқысы келеді. Бірақ бір кезде жылқыға ұқсас, сиыр секілді мөңірейтін ғажайып жануар пайда болады да өзінің артына ертеді. Бірнеше жылдан кейін Цифень таудан өтіп, хундардың ежелгі мекеніне қоныстайды». Осы аңызды Г. Сухбаатардың айтуында «Вэй шуда» мәтінінде жоқ кейбір мәліметтер айқындалады. Оның аудармасынан үзіндіде: «Маодан кейінгі бесінші ұрпақта олардың ата-бабалары (сяньбилықтар) үлкен көлдің жағасындағы қараңғы сазды мекенге қоныстайды. 

Туйинь (Сюань хуанди) және Линь (Сянь хуанди) билеушілері тұсында бұл жердің астана салу үшін жарамсыздығынан (тарлығы) оңтүстікке қарай, ескі хунн мекеніне цзуань янь әрекеті арқылы, яғни «(тауды) зерттеп және қазып жылжуға мәжбүр болды.». Сяньби туралы жазылған аңызда цзуань және янь иероглифтері бар мағынаға ие – «ойлау, ойластыру». Яғни Цифень сяньбилықтардың жолында пайда болған таулардан ешқандай күш жұмсамай қалай өтемін деп қана ойлады, ал Г. Сухбаатардың баса назар аудартып отырған бұл иерогифтердің басқаша мағынасы – «қазу, итеру, тесу» - бұл аңыздың мазмұнына қатысты емес. 

 Г. Сухбаатар, мұны білгенге ұқсайды «тарлық» және «тау» сөдерін жақшаға алғаны тегін емес, алайда оның басқа жұмыстарында Цифенның тауды қазуы туралы мәліметтер жоқ. Осындай мәліметтің «Вэй шуда» да болмауына байланысты, сяньбилықтар ата-бабаларының көшуі туралы аңыздың және Ергене қоң туралы моңғол аңызының бір фольклорлық шығарманың нұсқасы екені туралы Г. Сухбаатардың пайымы негізсіз. Ергене қоң кезеңінің моңғол тарихындағы маңызды орын алуы қазіргі моңғол халқының этникалық негізін қалаған дарлекин руларының Ергене қоңда қалыптаса бастағанына байланысты. Бұл топтың кіндігін чино руы («Жылнамалар жинағында» - нүкүз) және одан туындаған жаңа рулар құрады, олардың ішінде урянхат пен хунгират жиі айталады. Ергене қоңда сонымен бірге моңғолдардың атаулары да пайда болды. Оның этимологиясы моңғол ата-бабаларының Ергене қоңға көшу уақытының ұсынылған кезеңін растайды және басқа дереккөздермен бірге бұл мекеннің Арғын руының қай жағында орналасқанын көрсетеді. 


Пайдаланылған әдебиеттер: Г.Ж.Табылдин, Р.К.Өмірзақов, А.Г.Оловинцев. Қазақ хандары және олардың ұрпақтары. — Көкшетау қ., «Мир печати» баспасы,2013

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз