«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Жарияланымдар » Қошке Кемеңгерұлы – Алаштың ардагері

Қошке Кемеңгерұлы – Алаштың ардагері

30 Қыркүйек 2016
Қошке Кемеңгерұлы – Алаштың ардагері
Бүгін сағат 15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Алаш қайраткері, ағартушы ғалым, жазушы-драматург Қошке Кемеңгерұлының туғанына 120 жыл толуына орай «Аманатқа адалдық» атты дөңгелек үстел өтті

Мерейтой иесінің құрметіне орай ұйымдастырылған айтулы шараға астаналық интеллигенция өкілдері, алаштанушы ғалымдар мен тіл білімі ғылыми қызметкерлері арнайы шақырылды. Қонақтардың арасында белгілі алаштанушы ғалым, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, профессор Дихан Қамзабекұлы, тарихшы, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Жұмағұлов, сонымен бірге Қошке Кемеңгерұлының ұрпақтарынан: Ризабек ақсақал Кемеңгеров, Нұрания Шамшуалиева, ақын, ғылым кандидаты Қайырбек Кемеңгер, т.б. болды. 

35b52a25d71531789a75dd0fd26256b3.jpg

Алаштану – қазақ әдебиеті болсын, тарихы болсын, ғылым саласы бойынша қазіргі таңда жүйелі әрі нақты зерттеліп келе жатқан сала. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері бұл слааны зерттеу ісінде көптьеген жаңалықтар ашылды, есімі тарих қойнауында қалған ұлы тұлғалардың аттары қайта жаңғырды, ұрпаққа қалдырған шексіз мұрасы қайта басылып шығып, кейінгі буынның кәдесіне жарап отыр. Осы орайда алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлы жиынға қатысушыларға арналған сөзін алдымен Қошке бабамыздың ұрпақтарын таныстырумен бастады.

cad3c8a50f699a4c61ee3519a6dc9bea.jpg

«Қошкенің бай мұрасы бар. Оның ұлтқа қатысты, ұлт тағдыры мен тарихына байланысты еңбектерін бүгінгі күннің контексінен де қарауға әбден болады. Қазақ тарихының жазылмаған, қағазға түспеген, таңбаланбаған тұстарын зерттеуде Қошкенің еңбегі зор. Ол Кенесарының бастаған көтерелісін, Хан Кененің өзінің тұлғасын жарқыратып ашуп көрсетті, кейінгі қазақтың басына түскен отарлық зардаптарды, патшалық Ресей мен одан кейінгі империялық Ресейдің ұлтқа түсірген ауыртпалығын ашына жазады. Сонымен қатар Қошке атамыз өзінің замандастарын жазуды да ұмытпайды, қатарластарының тарихи еңбектеріне, саяси қызметтеріне баға береді. Бүгінгі таңда 150 жылдығы атап өтіліп жатқан ұлы реформатор Әлихан Бөкейханға берген бағасының маңызы еш жойылмайды. Бұл тарапта оны әлихантану ғылымының ең басында тұрған адам деп танимыз», – деді алаштанушы, қошкетанушы ғалым Д. Қамзабекұлы.

f8b3ccdcf4982225c6c33f619a9b1268.jpg

Қошке Кемеңгерұлының театр саласына сіңірген еңбегі жөнінде тарихшы Жамбыл Омарұлы көшелі әңгіме айтты. «Ұлт театрының ту тіккен алғашқы жылдарында қазақ оқығандарының бұл саладағы жаңашылдығы көпшілікке үлгі болған. Қазақ тұрмысынан сыр шертетін «Алтын сақина» пьесасымен ұлттық театрдың шымылдығы ашылғаны тарихи жайт. Алғашқы тетардағы тұңғшы драманың көтерген мәселесі шағын, тұрмыстық деңгей болғанымен, бұл сол заманның көзқарасымен үлкен дүмпу әкелген тарихи оқиға болып саналады». 

b0fb7fc353d3c5ab66da4089330bfa48.jpg

Профессор Сағымбай Жұмағұлов Қошке еңбектеріндегі тарихилық, тарихи еңбектерінің құны жайында сөз қозғады. «Қошке қаламы жүйрік журналист ретінде өз дәуірінің үні болған тұлға. Ол кісі балалар оқуын, мектеп мәселесін, оқулық проблемасын және ағартушылыққ бағыттағы түйткілді жағдайларды қаламынан тыс қалдырған емес. Оның «Мектеп қай тілде болуы керек?» деген мақаласы әлі күнде де өзекті. Реформаторлардың жарқын өкілі ретінде Қошке Кемеңгерұлы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Ыдырыс мұстанбайұлы секілді тұлғалардың қатарынан табылды. Олар өз елін, болашақ ұрпақтың сәулелі білім алуын көкседі, әлемнің басқа мемлекеттері сияқты алдыңғы елге айналуын армандады», – деді С. Жұмағұлов.

2f626d7080db44a1b35dcbf53f89d43c.jpg

Сонымен қатар игілікті шара барысында Қошкенің өмірі мен қызметі, отбасылық жағдайы туралы бейнекөріністер көрсетілді. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен Астана қаласы Қошке Кемеңгерұлы көшесінде орналасқан №49 орта мектептің оқушылары қатысып, олар өздерін ойландырып толғандырған сауалдарын қойып, жауаптарын алды. Мектеп ұстаздары осы жиынға қатысып, құнды деректер айтып берген профессорлар қауыныа ризашылықтарын білдірді.

f366c52365100804aae27c57df469e80.jpg

Заңғар Кәрімхан

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз