«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н. А. Назарбаев
Басты бет » Жарияланымдар » Ерлан СЫДЫҚОВ: ЕҰУ межесі - ұлттық зерттеу университеті

Ерлан СЫДЫҚОВ: ЕҰУ межесі - ұлттық зерттеу университеті

30 Қыркүйек 2016
Ерлан СЫДЫҚОВ: ЕҰУ межесі - ұлттық зерттеу университеті
Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында университет басшысы Ерлан Сыдықовтың халық алдындағы жыл сайынғы есептік баяндамасы тыңдалды.

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында университет басшысы Ерлан Сыдықовтың халық алдындағы жыл сайынғы есептік баяндамасы тыңдалды. Салтанатты шараға Ғылыми кеңес мүшелері, ЕҰУ оқытушылары, магистранттар мен сутденттер, жас ғалымдар, жұмыс берушілер, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей қол­да­уымен осыдан 20 жыл бұрын шаңырақ көтерген университеттің тыныс-тіршілігін, ғылым жолындағы табысты межелерін, оқу-ағарту бағытындағы жарқын саясаттарын, университеттің 2020 жылға дейінгі стратегиялық дамудың миссиялары мен қағидаттарын ЕҰУ басшысы, академик Ерлан Сыдықов халық алдындағы есебінде баяндап берді.  

Биыл ғана жиырма жылдығын тойлаған, Қазақстандағы көшбасшы университеттің әлемнің жетекші 50 жас дамушы жоғарғы оқу орындарының қатарына кірген ТМД-дағы жалғыз оқу орны екен. ЕҰУ QS World University Ranking 2016 жаһандық рейтингісінде былтырғы жылмен салыстырғанда 26 орынға көтеріліп, 345 орынға тұрақтаған. Бұл туралы Ерлан Бәтташұлы өз баяндамасында: «ЕҰУ ашылғанына жарты ғасыр толмаған әлемнің 100 университеті арасында рейтингінің 37 орнына орналасқан. Әлемдік рейтинг QS Emerging Europe and Central Asia (QS EECA) бойынша 33 орында. ЕҰУ – отандық жоғары оқу орындары ғана емес, сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы жоғары оқу орындары арасындағы көшбасшы»,-деді Е.Сыдықов.

Еуразия Ұлттық Университеті халықаралық қызметте де сапалы жұмыс атқарып келеді. Оған дәлел университет 2015 жылы ғылыми жұмыстар мен дәріс оқу үшін 72 шетелдік маманды университет қатарына тартқан. Әлемнің 150 жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан. 

«Келісімшарт жағдайы шеңберінде шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен, ғылыми зерттеу институттарымен және халықаралық ғылыми ағарту қорларымен жүзеге асырылады»,-деді Ерлан Бәтташұлы. 

2a21d50ba289206d10465dda5e978c78.jpg

Университеттің оқу-ағарту бағытындағы жарқын саясатының бірі - ғылыми-зерттеу жұмыстары. Бұл салада ЕҰУ табысты межені көрсетіп келеді. ЕҰУ ғалымдары «Ньютон - әл-Фараби» желісі бойынша ғылыми тағылымдамадан өту үшін 4 грантты иеленді. Әлемнің алпауыт ЖОО бірі Кембридж, Ковентри, университетімен «Темірдің нано-ұнтақтарын алу технологияларын әзірлеу» біріккен жобалары жүзеге асырылуда, Sussex University оқу орнымен тарих ғылымдары  саласы қамтылған. Халықаралық бағдарламаларды тарту және халықаралық ұйымдармен (BritishCouncil, DAAD, Volkswagen, Eurasia Foundation) байланысты дамыту бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілуде.

ЕҰУ Қазақстандағы білім саласындағы көшбасшы университет болып қана қоймай, Халықаралық ғылыми салада да алдыңғы орыннан көрініп келеді. Еліміздегі жетекші ғалымдардың бір шоғыры осы университет қатарынан екенін айтып өткеніміз жөн. «Бүгінде әлемнің 25 пайыз жетекші ғылыми журналдарындағы жарияланымдардың 18,1 пайызын ЕҰУ ғалымдарының мақалалары құрайды. Бұл - Қазақстанның әрбір сегізінші жарияланымы ЕҰУ ғалымдарының үлесі дегенді білдіреді. Тек 2015 жылы ғалымдарымыздың «Thomson Reuters» мәліметтер базасында - 197 ғылыми мақаласы, «Scopus»-та - 273 ғылыми мақаласы жарияланып, әлемге жол тартты», –деп мәлімдеді қоғам және БАҚ өкілдері, университет ұжымы мен студенттері алдында есеп берген Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов. 

Университет ғалымдары мен оқытушыларының Хирша жиынтық индексі соңғы жылдары айтарлықтай артты. ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының мәліметтері бойынша ЕҰУ профессоры Р.Мырзақұлов цитатталу индексі мен жоғары импакт-факторлы шетелдік журналдардағы мақалалар саны бойынша жалпы республика ғалымдарының ішінде бірінші орында тұр. Рәтбай Мырзақұлов - Орталық Азия бойынша ең жоғарғы Хирша индексі үшін «Top Springer Author 2015» Бірінші сыйлығының лауреаты. Университет жоғарғы рейтингті ғылыми журналдарда жарияланған мақаласы үшін ғалымдарға ынталандыру сыйақысын тағайындаған. Әр жарияланым үшін 50-200 айлық есептік көрсеткіш аралығында қаражат бөлінеді. 2015 жылы университет 110 жарияланымға сыйақы төледі. 

b6ebf1afae646c643fdb3b8f289163a4.jpg

Қазақстанның әрбір жас тұрғыны ЕҰУ түсуді армандайды. Жиырма жылдық тарихы бар университетке Қазақстанның әр түкіпіренен жас түлек оқу үшін келіп отырады. Оларда жаңа Астанамен бірге оқу-білім жолында қанаттарын кеңге жаюды армандайды.  

«2015 жылы 267 ғылым докторы оның ішінде 130 докторы PhD, 662 ғылым кандидаттары еңбек етті. ЕҰУ 16115 студент білім алды. Оның 13848-і бакалавриатта, 2181-і магистратурада,  244-і докторантурада оқыды»,-деді ЕҰУ ректоры. 

Есеп беру кезеңінде оқу орнының басшысы Ерилан Бәтташұлы: «Жаңа басталған 2016 -2017 оқу жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндеJUNIOR "EXPO-2017" жылы болып жарияланды»,-деді.  

Құрылғанынна 2016 жылы 20 жыл толған жас оқу орны - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті соңғы бес жылда соны серпін танытып, халықаралық оқу-ағарту кеңістігінде тұрақты орынға бекінді. Ректордың жыл сайынғы халыққа есеп беру барысындағы табысты межелер мен жарқын бағыттағы орайлы бастамалар, университеттің әлемдік саясаттағы көшбасшылығы соны айқын дәлелдегендей. Ендігі меже - ұлттық зерттеу университеті болмақ.

Есеп беру соңында Ерлан Бәтташұлы бар күш-жігерін білім бағдарламаларының саны мен сапасын үздік әлемдік жоғары оқу орындарының деңгейіне жеткізуге жұмсалатынын, Іргелі және қолданбалы ғылымды дамыта отырып, еліміздің инновациялық-индустриалдық дамуы үшін білікті маман даярлауға ұмтылатынын айтып, «Біз алмайтын асу жоқ! Біз - «Мәңгілік ел» мұратына сеніммен қарайтын және сол жолда аянбайтын ұжымбыз!» деп сөзін түйіндеді.

Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз